Астана қаласының Мәдениетті дамыту дирекциясы – 2021 жылғы 1 маусымда Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастамасымен құрылған мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын. Ұйымның негізгі мақсаты – елорда мәдениетінің креативті әлеуетін арттыру, отандық мәдени мұраны жаңғырту және шығармашылық индустрияларды дамыту арқылы Астананы өңірлік және халықаралық деңгейдегі мәдени орталыққа айналдыру.
Біздің қызмет бағыттары:
- қазақстандық мәдениеттің мазмұндық және креативтік сапасын арттыру;
- шығармашылық тұлғаларды анықтау, қолдау және олардың жобаларын ілгерілету;
- қалалық, өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейдегі мәдени-көркемдік және музыкалық іс-шараларды ұйымдастыру;
- онлайн форматтағы мәдени жобаларды дамыту: подкасттар, жас әртістердің YouTube платформасындағы орындаулары, виртуалды турлар;
- креативті индустриялар саласында өнер көрмелерін, спектакльдер, фестивальдер мен заманауи мәдени жобаларды іске асыру.
Жетістіктеріміз
Құрылғаннан бері 250-ден астам мәдени шара ұйымдастырылды. Жыл сайын жүздеген мың көрерменді қамтитын ауқымды жобалар іске асырылуда. Олардың қатарында:
- Ұлттық домбыра күні
- «Асыл мұра» жобасы
- Наурыз ұлттық премиясы
- Поэтикалық айтыстар
- Жаңа жылдық гала-концерттер
- 9 мамыр, 8 наурыз және Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар
2025 жылы 30 ірі жоба жүзеге асырылды. Астана күні аясында 1–10 маусым аралығында өткен «Мерекелік саябақ» фестиваліне 400 мыңнан астам адам, ал 6 шілдедегі Open Air жобасына 200 мыңнан астам көрермен қатысты. Жалпы алғанда, 2025 жылғы мәдени іс-шаралар 1 миллионға жуық көрерменді қамтыды.
Цифрлық бағыт және креативті индустрия
Дирекция заманауи технологиялар мен цифрлық мәдениетті белсенді дамытып келеді:
- YouTube платформасындағы жас орындаушылар жобалары
- Пайдалы мәдени подкасттар
- «Аңыз адамдар» виртуалды туры
- Заманауи креативті форматтар: көрмелер, мультимедиялық перформанстар, авторлық фестивальдер
Миссиямыз
Астана қаласын – ұлттық рухани құндылықтар мен заманауи креативті идеялар тоғысқан мәдени орда ретінде қалыптастыру, қазақстандық мәдениеттің халықаралық деңгейде танылуына үлес қосу.


